Мәдениет & Шоубиз 13.02.2018 сағат 06:32

Балам эгоист! Меруерт Түсіпбаева ұлының мінезін айтып жылап алды

Меруерт Түсіпбаева баласының бала асырап алу туралы ойын қолдамағанын айтты. Оның айтуынша, жалғыз өсіп, өзімшілдеу болған ұлын түсіну өте қиынға соғады. Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көп сұраққа көңілді көңіл күймен жауар беретін әнші бұл жолы көзіне жас алды. Себебі, бұған дейін бала асырап алғысы келетінін айтқан Меруерт Түсіпбаеваның бұл пікіріне жалғыз ұлы қарсы шыққан.

"Балам шынымды айтсам, эгоист. Мен өзімнің жиен туыстарыма да, әпкемнің қыздарына, немере туыстарыма қамқорлық білдіріп жатсам, ол оған дұрыс қарамайды. Жақында Түркия еліне қыдыруға жоспарлаған кезде, мен кішкентай сіңілімді бірге алатын болдым. Соны балам ұнатпады. Сонда ойланып қалдым. Өзім үлкен отбасында өстім, құдайға шүкір. Ал ол жалғыз өсті. Мен баламды ешқашан түсінбеймін, балам да мені түсінбейді. Өйткені мен басқа ортада, басқа атмосферада өстім. Біз-бірімізді ешқашан түсінбейміз. Кішкентай кезімде бауыр керек деп айтатын, қазір мүлдем жоқ-жоқ-жоқ дейді. Бірақ балама айтқанда, ол менің бауырым бола алмайды. Біздің қанымыз бөлек. Мен оның менің қаным емес екенін, оның бөлек екенін үнемі біліп отырамын", – дейді ол.

Дереккөз: NUR.KZ

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар