14.02.2018, 04:11

Қазақстандық белгілі продюсердің әйелі өзінен 9 жас үлкен болып шықты

Белгілі продюсер, әсіресе, тойды, ойын-сауық кешін гүлмен безендіруде алдына жан салмайтын Жан Мұқанов жарын «Ғашықтар күнімен» құттықтады. Бұл туралы жазбаны ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.

«Махаббат жасқа қарамайды. Сен менен 9 жас үлкен болсаң да, бұл сені сүюіме кедергі келтіре алмайды, менің кемпірім», – деп продюсер парақшасына екеуі түскен суретті жүктеген.

Желі қолданушылары олардың керемет жұп екендерін әрі бір-біріне жарасымдылығын айтып, бақыт тіледі.