14.02.2018, 09:04

Айжан Байзақова тағы бір клипке жалаңаштанып түсті (ВИДЕО)

Белгілі блогер Айжан Байзақова тағы бір клипке жалаңаштанып түсті. Бұл туралы ол өзінің telegram-каналында мәлімдеді.

Байзақова бейнебаянда жартылай жалаңаш, музыка ырғағымен қар астында билейді.

«Жақында жарыққа шығатын «Холод» атты әнге түсірілген Tanir екеуміздің су жаңа бейнебаянымызды күтіңіздер»,  – деп жазды блогер желіге.

Tanir атымен танылған репер «Da Gudda Jazz» тобынының солисі. Өз аты-жөні Ринат Сайфутдинов.

Айта кетейік ресейлік репер бұл әнге арналған бейнебаянды былтыр ғана ел назарына ұсынған болатын.