Продюсер Баян Алагөзова мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы дау әлі бітер емес. Олар бір-бірін жамандаудан жалықпай, журналистерге ашық сұхбат беріп келеді.
Өткен аптада Меруерт Түсіпбаева Баянның тарихи фильм түсіретіндей деңгейі жоқ деген еді. Алайда, Алагөзова Түсіпбаеваның бұл сөзінен мүлде хабарсыз екен, ести сала дереу жауап берді. “Бұл сүйкімді әйел еріксіз күлкі сыйлайды. Осы сәтті пайдалана отырып, оған сәттілік, жақсы әндер, сәтті рөл тілеймін. Мен ол сұхбатты көрмедім, бірақ қазірдің өзінде күлкім келіп отыр”, – деді Алагөзова «31» арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында. Еске салайық, Баян Алагөзова Таиландта демалып жүргенде қазнетте «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» телехикаясына қатысты дау шыққан болатын. Көпшілік бұл туындыда тарихтың бұрмалағанын айтқан. Кейін продюсер Алматыдағы офисіне ұры түсіп, құжаттарының қолды болғанын айтқан. Оның бұл мәлімдемесінен кейін Түсіпбаева фильмге қатысты жауаптан жалтаруы үшін әдейі жасап отырған құйтырқы әрекеті деген еді.