20.02.2018, 05:34

Бұзылған: "Кешью" тобының жаңа бейнебаянын жұрт "порнографияны насихаттады" деп айыптап жатыр (ВИДЕО)

Құрылғанына 10 жылдан асқан «Кешью» тобы күні кеше ғана көпшілікке жаңа бейнебаян ұсынды. Десе де бір күн ішінде 225 мың адам тамашалаған туындыға сын айтуышылар қарасы көп.

Клипте қыздар ашық-шашық киініп, бейәдеп қылық көрсетеді. Олардың бұл образын «Аюми» тобына ұқсатқандар да бар.

«Кешью» бұзылған», «Баян қыздарды құртты», «Мына клиппен-ақ бұларды сотқа беруге болады ғой «порнографияны насихаттады» деп», «Baller, алға. Сен үшін көрдім»,  – деді желі қолданушылары.

Бейнебаянды ұнатқандар да бар.  

Айта кетейік, клип 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел назарына ұсынылатын «Сиситай» фильмінің саунтрегі.