$ 494.87  520.65  4.91

Менің кем тұсым бір басыма жеткілікті – Ерке Есмахан

Эстрада әншісі Ерке Есмахан жұмырбасты пенденің бәрінде де кемшілік болатынын айтты. Ал, адам баласы ғашық болғанда сүйгенінің теріс қылығын тіпті де аңғармай қалады дейді ол Instagram-парақшасындағы жазбасында.

«Кемшіліксіз, тұла бойында бір міні жоқ адамның болуы мүмкін емес. Әйел адам тіпті те. Мен өзіме жазылатын көп пікірден кейде өзімді идеал санап, аспанға ұша жаздайтыным бар. Бірақ бұл әлеуметтік желіде мен нені көрсетсем, оқырман соны қаз-қалпында қабылдайтынын түсінем. Сосын «менің кем тұсым бір басыма жеткілікті ғой» деп, жерге "қонам".

Instagram – иллюзия. Бірақ мен осы жерде өзіме қаратып жазылған тілек, мақтаулардан пайдалы энергия аламын! Сол үшін оны жақсы көрем. Кемшіліксіз адам демекші, біз ғашық болсақ, сүйгеніміздің бойынан бір мін көрмей, оны мінсіз қалпында ғана көреміз. Маxаббаттың құдірет күші деген», – деді әнші жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары