Биыл құрылғанына 15 жылдың жүзі болған «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек «Ұнамаса, қарама» бағдарламасында тоқал алуға байланысты пікірін білдірді.
Бағдарлама барысында әнші екінші әйел алуға қатысты өз ойымен бөлісті. Айдар Тұрғанбек тоқал алатын ойы барын да жасырмады.
«Біздің үйдегі кісі баяғыда рұқсатын берген. Аллаға шүкір, ол кісінің ойы терең адам», - деді әнші.
Сондай-ақ ол әңгіме барысында қазіргі қоғамдағы ерлерін басынатын әйелдерге қатысты ойын да айтты. Әншінің айтуынша, мұның барлығы ер-азаматтардың осалдық танытуынан екен.
«Біздің үйдегі кісі мені ешқашан атыммен атамаған. Тек «қожайын» деп атайды. Екеуіміз осы уақытқа дейін ұрысып көрмедік. Қол көтеру деген болған емес.
Жігіттер! Отбасын, қоғамды дұрыс тәрбиелей білетін еркек болайық. Алдымен өзімізді, отбасымызды, сосын барып қоғамды өзгертуге тырысайық», - деп сөзін қорытындылады Айдар Тұрғанбек.
Дереккөз: NUR.KZ