$ 494.87  520.65  4.91

Меруерт Түсіпбаева: "Баян Сұлу" сериалы екі әйелдің арасындағы жанжал емес"

Әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовамен арадағы жанжал туралы тағы айтты. Бар себеп «Баян Сұлу» сериалында деп сұқбат берген әнші бұған жеке бастың мәселесін арластырмауды да талап етті.

«Баян ханым мұны екі әйелдің арасындағы жанжалға айналдырмасын. 54 миллион қаржы ол сіз бен біздің салығымыздан жиналған ақша. Ол ақшаға жауап беруі тиіс. Маған массовкаға қатысқандар хат жазды. «Актерлерге тамақ түгілі, су да берген жоқ» деп айтты. Баян Алагөзова тракторшылары мен сиырларын түсіре берсін. Бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсердің біздің ата-бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлудай» ұлттық эпосты түсіруге деңгейі жетпейді. Баян мұны мойындап, қабылдауы керек! Тағы да айтамын, бұл екі әйелдің арасындағы жанжал емес»— деді Түсіпбаева «31» арнадан шығатын «Айта берсін» бағдарламасында.

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы «Қазақстан» арнасынан желтоқсан айынан бастап көрсетіле бастаған. Көп ұзамай бұл туындыны сынаушылар қатары көбейіп кетті. Көрермендердің айтуынша, мұнда тарих бұрмаланып көрсетілген. Қазақтың салт-дәстүріне де мүлдем қайшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары