$ 494.87  520.65  4.91

Кең көйлек киіп..: Мәдина Садуақасова екінші сәбиін күтіп жүр ме?

Жұрт соңғы уақытта кең көйлек киіп жүргеніне қарап Мәдина Садуақасованың аяғы ауыр деп болжап, оның суреттерінің астына жиі пікір жазып кетті. Әнші көптің көкейіндегі сауалға жауап жазды.

 “Тілек, ниет, баталарыңыздан айналдым. Жақсы сөз – жарым ырыс. Әумин дейміз. Бірақ әзірге жүкті емеспін”, – деп бөлісті ол өзінің Instagram-парақшасына.

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы 2 ақпан күні Олжас Смағұловпен тұрмыс құрды. Қазір олардың ортақ некелерінен бір ұл бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары