Мәдениет & Шоубиз 23.02.2018 сағат 05:40

Ерке Есмахан Роза Бағлановаға пародия жасады (ВИДЕО)

Ерке Есмахан ұлтымыздың мақтанышы, Халық артисі Роза Бағланованың «Ах, Самара городок» әніне пародия жасады. Видеоны әнші өзінің instagram-парақшасында бөлісті.  

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Роза Бағланованың стилінде киініп, даусын да керемет салған.

«Қайран Роза апамның руxына мың тағзым! Қайталанбас дауыс, сұлулық иесі. Ал оның образына еніп тұрған мен ғой. Роза апамыздың жасын берсін! Роза апамыз сияқты тариxта есімін қалдыру бар әншінің арманы. Менің де», – деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Еске салайық, Ерке Есмахан бұл әнді осыдан бірнеше жыл бұрын «Жұлдызды Дода» шоуында орындаған. Алайда әнші ол кезде аса танымал болмағандықтан көпшілік назар аудара қоймаған еді.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар