Мальдив аралдарында жұбайымен 10 жылдықтарын өткізген Қайрат Нұртас демалыстан кейінгі алғашқы концертін Түркия елінде өткізбек. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында мәлімдеді.
«Құрметті, түрік елі! Сіздерді Стамбұл, Анкара және Анталия қалаларында өтетін ән кешімде күтемін», – дейді Қайрат Нұртас.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы оны жылдай уақыт жұрт көзінен тасада ұстап, былтыр ғана көпшіліктің алдына алып шықты. Бүгінде ерлі-зайыптылар он жылдықтарын тропикалық аралда өткізіп жатыр.