$ 494.87  520.65  4.91

Дәстүрді білмейді: Мәдина Сәдуақасованың күйеуі салт бойынша май құюға берген отқа қолын жылытқан (ФОТО)

Сыр елінің сұлу да сымбатты әншісі Мадина Садуақасова осыдан 4 жыл бұрын туған өлкесінен ұзатылған сәтін еске алды. Әсіресе, ол салт-дәстүрден хабарсыз күйеуінің суретін көрсетіп, күліп алды.

Қазақта салт бойынша қызға құда түсіп келген күйеу баланы есік алдында жеңгелері күтіп алады. Әдеттегідей, олар жігітке от алып шығып, 1 қасық май құйғызады. Яғни екі жақтағы аруақтар риза болып, екі жасты әрдайым желеп-жебеп жүреді деген сенім бар.

«2014 жылдың 2 қаңтар күні. Қызылорда қаласы. Олжас туысқандарымен біздің үйге келген сəттен көріністер. Əбден жаураған Олжас жеңгем шығарған отты қолын жылытуға əкелді деп ойлаған. Артындағы досы Абдуәлидің түрін-ай. Қызылорданың салттары ғой. Барлық жерде солай жасай ма екен?»,  – деп бөлісті әнші өзінің желідегі парақшасына.  

Мәдина Садуақасова 8-қаңтарда режиссер Олжас Смағұловпен ресми некеге отырған. Қазір олар Әнуар атты ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары