$ 446.49  475.38  4.79

Келінді кішкентай қайнысымен төсектес қылған Ермек Тұрсынов жаңа қызметке тағайындалды

“Келiн”, “Шал”, “Кенже”, “Жат” фильмдерінің режиссері Ермек Тұрсынов Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып сайланды.

2008 жылы атышулы “Келін” фильмін түсіріп, өзінің режиссерлік мансабын бастаған Ермек Тұрсыновтың бұл туындысы американдық “Оскар” кинобайқауының “Үздік шетелдік фильм” аталымы бойынша жартылай финалына шыққан тоғыз фильмнің қатарынан көрінген болатын.

Сонымен қатар, 2012 жылы Эрнест Хэмингуэйдің “Шал мен теңіз” хикаясы желісі бойынша түсірілген “Шал” фильмі жарыққа шықты. Алматыда өткен “Жыл таңдауы” XIII фестивалінде “Шал” “Жыл фильмі” деп танылып, “Құлагер” ұлттық сыйлығына ие болды.

Дереккөз: Жұлдыздар Әлемі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары