$ 448.15  483.46  4.86

Мәдина Садуақасова күйеуімен мінезі жараспайтынын айтты

Мәдина Сәдуақасованы желіде тек баласымен көрген оқырмандар түрлі болжам жасауда. Әншіден күйеуін жиі сұрайтын оқырман сауалынан шаршағандықтан, ол отбасы жайлы ашық жауап берді деп мәлімдейді НТК арнасы.

«Олжас шығармашылықтың адамы болғанымен, біздің мінезіміз екі түрлі. Мүлдем басқа, ол басқа адам. Мен белсенді болғым келеді, әлеуметтік желілерде де тура солай. Ал, енді менің жолдасым мүлдем басқаша. Оның бір-ақ қана жақын досы бар араластатын. Көпшілік жерлерді ұнатпайды», – деді әнші.

Отау тіккен алғашқы жылы, жұлдызға сүйген жары бір жылға жуық сахнаға шығуға мүлде рұқсат бермеген.

«Мен тіпті тойымнан кейін демалыс та емес, жұмыс та емес барлығы мен үшін жабылды. Тойдан кейін мені ешкім ешқайжерден көре алмай қалды. Өйткені менің жолдасым солай шешті, және де солай ұсыныс айтты. Жолдасым халық көзіне түсе беруді ұнатпайтындықтан, жиындарға ұлымен ғана барамын», –деп шынын айтты Сәдуақасова.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары