$ 448.89  477.93  4.76

Арам қат! Концертіне келген көрерменіне тіл тигізген қазақстандық актер ұятқа қалды

Ресейдің Сургут қаласында қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров ұятқа қалды деп жазады  life.ru.

Актердің Сургут қаласында концерті өтіп жатқан. Сол кезде залда қыз баланың телефонмен сөйлесіп, «мама» деп бірнеше рет шыңғырған дауысы естіледі. Жұрт аң-таң қалысып жатқанда тұтқаны қолына ұстаған бойжеткен сыртқа шығып кетеді.

Қыздың бұл әрекетін жақтырмаған Сабыров болса сабырлық танытпай, керісінше бойжеткенді кекетіп, «Арам қаттың деп ойлаймын» деп әзілге айналдырмақ болған.

Кейін бойжеткеннің есімі Татьяна екені анықталады. Анасы қызына әкесінің қайтыс болғаны жайлы суыт хабарды естірткен екен.

Ал алғашқыда актердің әзілдеріне жайбарақат күліп отырған көрермен қыздың басындағы жағдайды естіп, Нұрлан Сабыровқа қатты реніштерін білдірді. Кейін комик Татьянаға өзі қоңырау шалып, кешірім сұрағаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары