$ 444.32  473.33  4.76

Қайрат Нұртас балаларын наурыз айында халыққа көрсететін болды (ФОТО)

Он жыл жасырған жарын көпшілікке «Арман» фильмі арқылы таныстырған Қайрат Нұртас енді төрт баласын да сахнаға алып шықпақ деп мәлімдейді «НТК» арнасы.

«Жұлдыз әлі сондай. Әлі сондай қарапайым, әлі сондай әдемі, әлі сондай тәтті. Рахмет саған, жаным-ау! Осы күнді қанша күттің. Бізге де оңай болған жоқ ағайындар», – деген еді алғаш жарын таныстырған Қайрат Нұртас.

Әнші соңғы кездері бүлдіршіндерін де халық алдына шығаруды ойластырып жүрген көрінеді. Мәліметтерге сүйенсек, өнерпаз наурыз айында өтетін кешінде балаларын қалың бұқараға көрсетуді жоспарлап қойған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын танымал әнші өзінің 29 жасын атап өткен болатын. Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың Сезім, Алау есімді қыздары мен Нарұл, Хан есімді қос ұлы бар.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары