27.02.2018, 09:27

Төреғали Төреәлі күнәсін шаю үшін қажылық сапарға аттанды

Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі қажылық сапарға атанды. Олардың әуежайдағы суретін актер Әсет Есжан өзінің Instagram-парақшасына жариялады.

«Қажекелерді сапарға шығарып салу сәтінен. Қабыл болсын, бауырлар», – деп бөлісті актер желідегі парақшасына.

Көпшілік әншіні Меккеден үлкен сабыр жинап оралады деп үміттенеді. Төреғалидің суретін көрсе, даулы мәселені көтере кететіндер бұл жолы оған Құдай жолындағы құлшығын аман-есен атқарып келуін тіледі.