$ 443.85  474.3  4.8

Аша Матай да күйеуімен мінездері жараспайтынын жайып салды

Күні кеше эстрада әншісі Мәдина Садуақасова күйеуі Олжаспен мінездері екі түрлі екенін айтса, бұл жолы Аша Матай да Арманмен ара-қатынасы енді ғана түзеліп келе жатқанын жеткізді.

Аша Матайдың жағдайы Мәдина Садуақасовадан өзгешелеу. Себебі, Арман да өз келіншегі сияқты өнер жолында жүр. Жұбайының экранға шығуын да шектемеген. Десе де, өнерлі жұптың мінез-құлықтары аспан мен жердей көрінеді.

“Екеуміздің мінезіміз сан алуан, екеуміздікі екі түрлі. Дегенмен, бір-бірімізге бейімделіп келе жатқан сияқтымыз. Бір-бірімізге түсіністікпен қарауға тырысамыз, мен кейде ашуға бой алдырып аламын, ал Арман сабырмен жеңеді”, – дейді Аша НТК арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.

Кез келген мәселені байыппен шешуге тырысатын Арман келіншегіне қарағанда өте сабырлы, ашуға тез бой алдыра қоймайды екен.

“Өнерді бірінші орынға қоймаймыз. Білуімізше, көп әншілер өнерді бірінші орынға қояды ғой. Бізге бірінші орында отбасы болғандықтан, ойымыз әрдайым бір жерден шығады”, – дейді Арман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аша Матай