$ 494.87  520.65  4.91

Ішімдегі жарам..: Дастан Оразбеков әкесі жайлы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

Дастан Оразбеков өміріндегі ең ауыр кезең туралы айтып берді. Әнші аталған жайт туралы бұған дейін жан баласына жақ ашпаған көрінеді. Отбасына қатысты болса да, Дастан бұл туралы тіпті туған бауырларына айтпапты деп жазады Stan.kz.

“Өкінетін сәттер бар, бірақ мен оны айта алмаймын. Ол емделмейді, онымен күресе алмайсың бір жаманы… Қазір мен ол туралы айтып бастасам, босап кетемін. Ол менің ішімдегі жарам болып қала берсін. Кей кезде тыртығыңды ешкімге көрсеткің келмейді ғой, сол секілді”, – деген Дастан жан-жарасы туралы айтқысы келмейтінін меңзеді.

Алайда журналист Нұржан Аташ іштегіні сыртқа шығару арқылы жеңілдеуге болатынын айтып, Дастанға бұл сұрақты қайта қойды. Сонда әнші:

“Оны өзгеден естіп, естімеген күннің өзінде маған көзімен білдіретін болса, маған әлдеқайда батады деп ойлаймын. Оны айтсам, тек бауырларыма айтатын шығармын. Негізі ешкім білмейді”, – деп жауап берді ол Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасында.

Бұдан кейін әнші көзін төмен түсіріп, үнсіз қалды. Бірнеше секунд өтер-өтпес: “Ол жағдай әкем қолымнан кеткен кезде болды”, – деді де шыдамастан орнынан тұрып кетті.

Жүргізуші дәл осы жерден бағдарламаны үзуге тура келгенін айтады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары