$ 494.87  520.65  4.91

Тұңғышбай Жаманқұлов әйеліне де қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов істі болғалы полицияның қатаң қадағалауында екен. Шетелге шығуға рұқсат та жоқ көрінеді. Қазақстанның басқа облыстарына барар болса, ескертіп кетуі тиіс.

Актер қысымды өзі ғана емес, келіншегі Дария Жүсіп те көріп жатқанын айтты.

«Ойнаған рөлдерін ауыстырып, екінші құрамға қойып тастады. Біздің спектакльдерді ойнаттырмай, репертуарға қоймай жатыр. Орысша айтқанда «Низость» (иттік) қой», – деп актер келіншегіне де театрда қысым көрсетіліп жатқанын айтты.

Актерді жақында ғана украиналық журналистер сұхбатқа шықырып, кейін жоқ болып кеткен екен. Шетелдік БАҚ-тың алдына кімнің кесе көлденең тұрып, тосқауыл қойғанын Жаманқұлов әзірге ашып айтпай отыр.

«Түсірілім өзімнің жұмысым ғой енді, соған бару үшін де министрден рұқсат алуым керек. Бірақ ол бермейді. Не қылсын басын қатырып. Қашып кетеді деп ойлай ма, қайда қашамын? Қашатын жерім болса, қашар едім. Қаша алмаймын», – деді ашынған Жаманқұлов Аман Тасығанның «TalkLike» жобасында.

Еске салайық, 2016 жылы Тұңғышбай Жаманқұлов фильмнің түсіріліміне бөлінген 79 миллион теңгені қалтасына басты деп айыпталып, шартты жазаға кесілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары