Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға қаншаға сатып жүр? Бұл туралы сұрақты журналист Ержан Шайжан «Ұнамаса қарама» жобасында әншіге қойды.
Бағдарламаға қонаққа келген әншіден журналист шығармашылығы жайлы сұрады. Одан кейін жүргізуші Серікбол жайлы шығып жатқан сыбыстарға кезек берді.
«Сәке, аспан асты еліне ұрық сатады деген сөз шығып жатыр. Естіп жатырмыз. Ұрық көп пе ізде сонда? Қаншаға сатып жатырсыз?, – деп сұрақты төтесінен қойған журналиске Серікбол бірден ашумен жауап берді.
«Сенің сұрақтарың бір түрлі екен өзің сияқты. Сен бір түрлі бала екенсің. Мен жүрейін енді бақа-шаян жейтіндерге ұрығымды сатып. Сен кішкене ойлансаңшы. Не сұрақ қойып отырсың өзің? Екі дүниеде де мен қытайларға ұрығымды сатпаймын. Ондай ой да болмады. Сен қазақтың намысына тиетіндей сөз айтпа», – деп ашуға берілген әнші дастарханнан тұрып, кетіп қалды.
Қонақтың «Сен журналист емес, топпассың» дегеніне қарамай, Ержан Шайжан Сайлаубекті білек сынасуға қайта дастарғанға шақырды. Осылайша сөзден жеңген әнші күштен жеңіліп қалды. Десе де журналист бір сөзінде «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дегенді айтып үлгерді.