Сахнадан көрінбей кеткен әнші Санда жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеді. Ол өзінің суретіне ең үздік пікір білдірген оқырманына он мың теңге сыйақы бермекші.
Әнші оқырмандарының назарын осылай аудармақ болған сыңайлы.
«Ең үздік пікір білдірушіге он мың теңге сыйақы бар. Алматы қаласының тұрғыны болсаңыз, қаржыны өзім табыстаймын. Ол үшін сіздер менің парақшама жазылған болуларыңыз керек. Сондай-ақ өз парақшаларыңыздағы құлыпты алып тастаңыздар», - деп жазды әнші.
Ал оқырмандар Санданың бұл әрекетін сынап тастады.
«Сөз жоқ! Тырнақты бояп, соған әдейі киімін тандап киіп алған сияқты. Даже солай ғой. Бірақ, әдемі болғанмен сұлулығын басқаша көрсеткенде одан да тамаша болатын еді»,
«Ақша не істетпейді? Бәрің пікір жазғыш болып кеттіңдер ғой», «Мына тұрысыңыз оғаштау көрінеді», «Мұндай суретті не үшін жолдайсыз?» деп шуласты олар.
Дереккөз: NUR.KZ