$ 498.34  519.72  4.85

«Бақытбек босап шығыпты…». Мұны естіген Баян қайтер екен?

Баян Мақсатқызы тағы да белсенді болып жүр. Эфирде жиі көрінуге көшті. Ашық-шашық сұхбат беруге келгенде алдына жан салмай жүр. Бұл ретте желі қолданушысы Жауқазын Есжанованың мына бір жазбасы қызық көрінді бізге. Автордың рұқсатымен көшіріп бастық.

«Бақытбек босап шығыпты. Күндердің күні осындай жаңалықты естіген Баян қайтер екен? Бақытбек Есентаев ана жақтан шыққанда не болады?..» деп жазыпты автор.

Баян Мақсатқызы қайта-қайта сұқбат беріп, жылтыңдаған сайын оның бұрынғы отбасы көз алдыма келе береді. Екі қызы екі жаққа кетті, отағасы анау. Әрине, махаббат махаббатымен, бірақ мұндайда өкініштің болмауы мүмкін емес. Ал өкініш деген өзекке түссе қиын.

Меніңше, Баян қатты өкініп жүр. Темір қатын демекші, ол өзін мықтымын деп үнемі ақтайды. Бұл жолы да сөйтті.

Кітап шығарды, ел алдында жүр әйтеуір. Өзінше ақталып әлек. Елге емес, өз-өзіне ақталып жатқан секілді. Жұмысбастылықпен де өкініштің орнын жабуға тырысып бағуда. Кино түсірді, тағы да кино. Бірақ үңірейген іштегі жараны ол емдей ала ма?.. Оны қойшы, бәрінен масқарасы Бақытбек шыққанда болайын деп тұр.

Кеше ғана журналист Аман Тасығанға сұхбат берген Баян тағы бір рет таңғалдырды. Тіпті жаға ұстатты.

«Алғашқы махабатыңыз кім?» деген сұраққа, 22 жыл отасқан адал жары, екі баласының әкесі Бақытбек деп жауап берсе болар еді.

Ал Баян болса беті бүлк етпей қайдағы бір Лешка дегенді айтты. Бұған не дерсіз?

Бағдарлама бойынша Баянның бір сұраққа жауап бермеуіне құқығы бар еді.

Журналистің «өміріңізде Бақытбек пен Тұрсыннан өзге еркекпен төсектес болдыңыз ба?» деген сауалға жауап беруге келгенде Баян осы құқығын пайдаланды…

Ал Бақытбек ше? Ол оралған кезде әкешім деп қыздары мойнына оралмайды дейсіз бе? Оралады, әрине.

Баян қыздарын да тастап кетті. Нағашы ата-апасы қарап жатыр оларға. Өзі жаңа махаббатының жанында.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары