$ 444.22  476.38  4.82

Баян Алагөзова халыққа неге ортаңғы саусағын көрсеткенін айтты

Баян Алагөзова күні кеше желіні дүр сілкіндірген «Сиситай» атты картинасының тұсауын кесті. Аталмыш фильмнің тизері желіге жүктелгенде, журналистерге ортаңғы қолын көрсеткен атышулы продюсердің қылығы қызу талқыға түскен болатын деп жазады Stan.kz.

БАҚ өкілдерімен арадағы текетірес Алагөзованың басынан жиі өтеді екен.

«Бүгін «Сиситайдың» тұсаукесеріне келген бір журналист менің намысыма тиетін сұрақтарды қойып, көңіл-күйімді түсірді. Менің қуанышты күнімде осылай жасауға болмайды ғой.

Содан кейін мен: «Өтініш, менің қасыма жоламаңызшы, менің сізбен сөйлескім келмейді» – деп қайтарып жібердім. Бұл бірінші рет емес. Дәл осындай жағдайлар менің өмірімде жиі орын алғандықтан, «Сиситай» фильмінде болған оқиғаларды қосуға тура келді, – дейді Баян Алагөзова.

БАҚ өкілдеріне ортаңғы қолын көрсеткен Алагөзованың әрекетін талқыға салып көрді. Мәселен, азулы продюсер Алуа Қонарова да мұндай жағдайларға талай мәрте куә болған көрінеді.

«Маған БАҚ өкілдерінің тарапынан туындайтын келеңсіз жайттар көп. Оларға қатты ашуланатын сәттерім де жиі болады. Бірақ қанша ашулансам да ортаңғы қолды көрсететіндей жағдай болған жоқ. Ондай жағдай болмайды деп айта аламын», – дейді Алуа Қонарова.

Алуа Қонарова мұндай ерсі қылықтарды жасамайтынын жеткізсе, Аша Матай журналистермен арадағы жанжалды шешудің түрлі жолдары барын айтады. Бірақ Баян әпкесінің қылығын қайталамауға уәде берді!

«Журналистерге ондай сөздерді қолданған кезім болған жоқ. Бірақ қатты ызаландырған кездер болғанда жаман сөздер тілдің ұшында тұрады. Бір жаман сөз айтқың келіп.

Дегенменен көпшіліктің алдында ондай сөздерді аса қатты қолдана бермейсің ғой. Ол рас! Жеке басыма тіл тигізсе көбінесе мен өзімді сабырлыққа шақырамын. Ал жақындарыма жаман ауыр сөздер айтылса, онда мен өзімнің аузымды жауып тұра алмаймын», – дейді Аша Матай.

Ал, Мәдина Сәдуқасова үшін Баянның жасаған қылығы, тым таңсық! Жиырма жылдан астам сахнада жүрген әнші, осы уақыт ішінде бірде-бір рет БАҚ өкілдерімен ренжісіп көрмегенін айтады. Сондықтан Алагөзованың боқтық сөзі мен жағымыз қылығы үшін бүкіл журналистер қауымынан кешірім сұрады.

«Мені журналистер құдайға шүкір, сыйлайды, құрметтейді. Жақсы көреді. Оны біз көреміз, байқаймыз. Ал негізі бұл кино ғой. Сондықтан журналистер қауымы көңілдеріңізге алмаңыздар. Мен бірақ ондай қадамға бармайтын едім. Өмірімде болған емес», – дейді Мәдина Сәдуақсаова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары