Бұл туралы Бағым Мұхитденова Gakku арнасының «Love Story» бағдарламасында айтып берді деп жазады Stan.kz.
«1997 жылдың қыркүйек айында құрбым екеуіміз «Арман» кинотеатрына, артынан кәуап жеуге бардық. Ол жерден тағы бір құрбымызды кездестірдік. Ол скрипкашы қыз болатын. Есімі – Вика. Кездескенімізде ол тұрмысқа шыққалы жатқанын айтты. Сол жерде менің болашақ күйеуім отырды. Ол жаңағы құрбымның күйеуі жігітінің досы екен. Білмеймін, бірақ, меніңше, күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты. Құрбым бір жаққа кетті. Ал күйеуім оны шығарып салды. Ол кезде кімнің кімге ұнайтыны туралы еш ойым болған жоқ», – дейді Мұхитденова.
Сондай-ақ, продюсердің айтуынша, 21 жыл бұрын ол Әділжан Жүсіповті күйеуі ретінде елестете алмаған.
«Мен оны күйеу жігітім немесе болашақ күйеуім ретінде қарастырған жоқпын. Біз ұзақ уақыт сөйлесіп жүрдік. Сөйтіп 4 жылдан кейін шаңырақ көтердім», – дейді продюсер.