Халықтың ерке қызы, әнші Тамара Асар өзіне жиі қойылатын сұрақтарды тізіп, оларға бір-бірлеп жауап берді. Көпшілік оның, әсіресе, жеке өміріне көп қызығушылық танытады екен.
Әнші желіге не болса соны жүктеп, масаттанбайды, мақтанбайды. Оны жұрт осы қасиеттері үшін де жақсы көреді.
«Осы сұрақтарды жиі аламын. «Көзіңде неге мұң бар?» дейді. Өткен өмірдің қалдырған ізі болар. Шүкір, қазір көңілім орнында, бақыттымын. «Сіз тойларға барасыз ба?» дейді. Барамын, өте көп. Шүкір, тек Instagram лентасына көп салуға ыңғайсызданамын. «Сүйіктіңіз бар ма?», дейді. Иә, бар. Шүкір», –деп жазды ол өзінің instagram-парақшасына.