Мәдениет & Шоубиз 12.03.2018 сағат 08:33

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

Ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Жаңа төраға Жазушылар одағының Алматыда өтіп жатқан XV құрылтайында сайланды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Құрылтай таңертеңгі сағат 10-да басталған. Ұлықбек Есдәулетті төрағалыққа жазушы Төлен Әбдік ұсынды. Құрылтайда сөйлеген одақ мүшелерінің біразы Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасын қолдады. Төрағалыққа Есдәулеттен басқа кандидат ұсынылмады.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов "Кім болса да, ары таза адам болсын, Ұлықбекті қолдаймын" деді. Ұлықбек Есдәулетті ұсынып, қолдағандар "Оған еркіндік берейік, өз командасын жинасын" десті.

Жазушылар Одағын ұзақ жыл басқарған Нұрлан Оразалинге құрылтайда шапан жабылды. Құрылтай басталғанда баяндама жасаған Нұрлан Оразалин төрағағалыққа түспейтінін, ол туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткенін айтқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар