$ 494.87  520.65  4.91

Жұбаныш Жексенұлы келінінің ұлты орыс емес екенін айтты

Үлкен ұлын үйлендіріп, қазақ өнерінің өкілдеріне ақ дастархан жайған Жұбаныш Жексенұлы өзге ұлтпен құда болды.

Бірақ әнші дүбірлі тойға БАҚ өкілдерін шақырудан бас тартқан. Тұңғышы Әбілқайырдың таңдауы италиян қызы Мәриямға түсіпті. 

«Иә, келін түсірдік. Үлкен ұл үйленді. «Мәриям Жагор деген орыс қызы» – деген ән бар ғой. Сол «Дудар-ай» әнін талай жылдар айтып келе жатырмын. Осы әнді айтып жүріп ұлымның өмірінің жолында Мәриям деген қыз шығып, қазір отбасын құрды. Тойын өткіздік. Құда-құдағи болдық. Қызық болып жатыр. Итальян қызын келін қылып түсірдік. Қарсы болған жоқпын», – дейді Жұбаныш Жексенұлы Stan.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, күні кеше ғана жұрт Жұбаныш Жексенұлының орыстан қыз алғанын сынаса, енді бірі – жастарға бақыт тілескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары