$ 448.15  483.46  4.86

Ажырасқандарын аяқасты мәлімдеген жұлдыздар (ФОТО)

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деп ата-бабаларымыз текке айтпаған. Статистикаға сүйенсек, елімізде жыл сайын 700 ғашықтың шыңырақ көтеріп, 200 отбасы ажырасуға өтініш білдірген. Өкінішке орай, бұл көрсеткіштің саны күн санап өсуде. Соңғы кездері, өнер жұлдыздарының арасында да бұл көрсеткіш өскен. Мұның дәлелі ретінде, желідегі жеке парақшада аяқ асты ажырасу жайында мәлімдеме жасаған танымал жұптар жайлы Жұлдыздар Әлемі жазады. 

Белгілі тележүргізуші, бизнес-леди Динара Сәтжанның келіні, дизайнер – Әсем Нұрсейітова мен жары Раджив Сәтжан. 

Белгілі киім дизайнері, танымал әпкелі Нұрсейітовалардың үлкенін оқитын желі қолданушылары 3 баланың ата-анасы атанып жүрген Раджив пен Әсемнің отбасына қызыға қарайтын. Дегенмен, өмір болған соң түрлі жағдай болып тұратыны рас.

“Жасырғанды жөн көрмедім. Ажырасу процессі жүруде. Көбіңізге үлгі болғанымды білемін. Кешірім сұраймын. Құдай өзі жар болғай”,– деп жазған парақшасында.

Онымен қоса, СуперStar жобасынан танылған Алмас Кішкенбаев та жары Мөлдірмен ажырасқалы жатқанын желіде мәлімдеді. Дегенмен, бірнеше уақыттан соң өшіріп тастаған бұл жазбаны біздің журналистеріміз сақтап үлгерді. 

Естеріңізге сала кетейік, Алмас пен Мөлдір 2010 жылдың қараша айында шаңырақ көтерген. Бүгінде олар екі қыздың ата-анасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары