Салтанат Бақаева перзентханадан шыққандағы шағын видеосын бөлісе отырып, ұлына азан шақырып ат қойғанын мәлімдеді.
«Біздің АйТөренің перзентxанадан шығару сәтінен шағын видео. Ия, біздің есіміміз АйТөре! Сіздің жазғандарыңыздың ішінен таңдалып алынған есім! Пікірлеріңізге рахмет! Кеше екі апасы мен атасы осы атқа тоқтады», – деді Бақаева өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, актрисаның бұл үшінші перзенті. Сәбидің атын таңдау үшін туыстары біраз таласқанын Бақаева бұған дейін жасырмай айтқан болатын.