$ 494.87  520.65  4.91

Баян Алагөзова өзін күтудің құпиясын ашып айтты

Баян Алагөзованың жасы – 44-те. Алайда дене мүсіні мен сыртқы келбетіне қарап олай деп айту қиын. Себебі танымал продюсер сыртқы бейнесіне қатты мән береді, өзіне жүйелі түрде күтім жасайды

Белгілі продюсер сұлулығының құпиясымен НТК арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Продюсер, міне 25 жылдан бері үш ұстанымға адал екенін айтады. Біріншісі: аз-аздан және дұрыс тамақтану. Осылайша Алагөзова арнайы диета ұстамайтынын алға тартты.

«Екіншісі – көбірек су ішемін. Шырын да, шай да, газдалған су да ішпеймін. Күніне кемі 2 литр су ішемін. Жылы су ішкен дұрыс. Шамамен 36.6 градус», – дейді Баян.

Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызы дәрумендер ішетін болып шықты. Күнделікті таңертең және кешкісін жүйелі түрде бетіне күтім жасайды екен.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары