$ 488.45  529.19  5.04

Болған нәрсе болды: Әнші Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі отбасы жайлы бар шындықты жайып салды

Кезінде «Нұрлан мен Мұрат» деген дуэт құрып, көпшілік тыңдарманның жүрегіне жол таба білген әнші Мұрат Қожа осыдан бірнеше жыл бұрын әйелімен ажырасып, жас қызға үйленгендігін мақтанышпен айтқан болатын. Мақтанышпен айтқанда... келіншегінің фотосуреттерін интернетке жүктеп, тыңдармандарына таныстырды деп айтқан дұрыс шығар.

Сол Мұрат Қожаның алғашқы әйелімен не үшін ажырасқанын көпшілік біле бермейді. Оның «бәйбішесі» болған Айман Нұразхан күні кеше «Қазақстан» арнасындағы «Бақытты әйел» ток-шоуында қонақта болып, отбасы жайындағы бар шындықты жпайып салды.

«Мен ажырасамын деп күйеуге шыққан жоқпын. Он жыл өмірімді Мұратқа арнадым жан-тәніммен. Әп-әдемі үш қыз тудым, шүкір. Бұл жерде үшінші адамның ерлі-зайыптылардың ортасына араласуының себебінен осындай болып отыр. Кетем деп тұрған адамды мен ұстамаймын. Қайтып келген жағдайда да мен оны қабыладамаймын. Ол кішкентайлы болды, өзім құттықтадым. Жүрегім ауырып кетеді. Кейде көріп қаламын. Қазір шығармашылығында жолы болмай жүрген сияқты», - дейді жан-сырымен бөліскен Айман Нұразхан.

Ол күйеуі тастап кеткенде көп жылап, төсектен тұрғысы келмегенін айтады. Ұйқысыз түндер өткерген.

«Шындықты айтайын, ажырасқалы бір рет қана атам қоңырау шалып, жаңа жылмен құттықтады. Мені қимайтынын, балаларды жақсы көретінін айты. Келем деді», - дейді Мұрат Қожаның бірінші әйелі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары