$ 448.15  483.46  4.86

Цирк артисі көрермендердің көз алдында қайтыс болды

АҚШ-тың Флорида штаты Тампа қаласында Cirque du Soleil цирк әртісі қойылым кезінде, биіктен құлап қаза тапты.

Оқиға сенбі күні кешкісін болды. Акробат Янн Арно қосарлы шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда, қолы тайып кетіп, алты метр биіктіктен жерге құлады.

Әртіс ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

«Cirque du Soleil отбасы болған оқиғаға есеңгіреп, қатты қайғырып отыр. Янн 15 жылдан бері бізбен бірге болды, оны білген жандардың бәрі жақсы көретін», — деп мәлімдеді Cirque du Soleil бас атқарушы директоры Дэниел Ламарр.

Жазатайым оқиға екеніне қарамастан, полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары