19.03.2018, 06:28

Кентал 20 мың долларынан айырылып, алданып қалғанын айтты

Кентал ақшаға аса жақын емес екенін, көк қағаздың бүгін – бар, ертең – жоқ екенін айтты. Тіпті, аңғалдығының арқасында 20 мың долларынан да айырылып қалған екен.

Кентал қолына бар ақшаны қысып ұстамайды екен.

«Ол жай ғана қағаз. Келеді, кетеді. Қадірі жоқ қағаз.Ақшаның берекелісі бар, берекесізі бар. Берекесі жоқ ақшаны қарамайсың да, санамайсың да. Ақшаны шашқан күндеріміз де болған. Болмайтын бір көлікті 60 мың долларға сатып алдым, бір айдан кейін оның бағасы 40 мың долларға түсіп кетті», – дейді әнші НТК арнасына берген сұхбатында.