$ 494.87  520.65  4.91

Өте қатты ұнайды: Бақыт Шадаева көңілі кетіп жүрген өзінен 20 жас кіші жігіт жайлы айтты

Ел арасында танымал өнер жұлдыздары жөнінде қаңқу әңгімелер көп. Әсіресе, халыққа әнші-әртістердің жеке өмірі қызық. Соңғы кездері жұрт ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Бақыт Шадаеваны сөз қылуда деп жазады Stan.kz.

Базбіреулер әншіні өзінен 20 жас кіші директорымен көңіл қосқан деп айыптауда. Ел көкейіндегі сұраққа Бақыт Шадаева 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында жауап берді.

«Иә, менің тамаша директорым бар. Ол өте тартымды, кейде ол маған қатты ұнап кетеді. Ол да маған үнемі көңілін білдіреді. Бірақ бұл бар болғаны жұмыс. Сондықтан дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Директорым өз міндетін тиянақты түрде орындайды, соған ризамын. Мен қажетті кезде қажетті орыннан табыламын. Менің костюмдерім, фонограммаларым, қажетті нәрсенің бәрі болады», – дейді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары