Әлемге әйгілі актриса Анджелина Джоли тұрмысқа шығуға дайындалып жүр. 42 жастағы өнер жұлдызының британдық миллионермен қарым-қатынасы жайында құрбысы Life & Style журналына мәлімдеді.
«Ол қатты ғашық болып қалған. Тіпті Анджелина сүйіктісіне үйленуге ұсынысты өзі тастады», – дейді құрбысы журналға берген сұхбатында.
Джоли мен британдық миллионер бір жарым жылдан бері кездесіп жүр. Қос ғашықтарды Джордж Клунидің әйелі Амаль таныстырыпты.
Бұған дейін Анджелина Джоли 3 рет тұрмыста болған. Бүгінде ол 7 бала жеткізіп отыр. Олардың 3-еуін өзі босанып, қалған 4-еуін асырап алған.
Дереккөз: DayOnline.ru