$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Нұртас 4 баласын сахнаға алып шықты (ФОТО)

Қайрат Нұртас көптен күткен ән кешін елорданың Орталық концерт залында дүркіретіп өткізді. Бұл шара кәдуілгі кештердей емес, өзіндік ерекшеліктерге толы болды. Себебі, көпшілік оның тек әнін тыңдауға емес, отбасы мүшелерімен танысу асығып жеткен еді.

Қайрат 4 баласын да сахнаға алып шығып, әр қайсының өнерлі екенін көрсетті. Көпшілік балаларының тәп-тәтті қылығына тамсанып, таңдай қақты.

Ал 10 жыл жұрт көзінен жасырған келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен әнші «Махаббатым» әнін шырқады. Отанасы балаларының алғашқы қадамдарының әр сәтін өзінің instagram-парақшасына жүктеп отырды.

Сонымен, Қайраттың тұңғышының есімі – Сезім. 9 жасар жеткіншектің соңынан ерген Алау есімді сіңлісі, Нарұл, Хан есімді інілері бар.

Әншінің шығармашылық кеші 22 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары