$ 494.87  520.65  4.91

Нұржан Керменбаев Төреғали Төреәлінің дауы жайлы сөз қозғады

Эстрада әншісі Нұржан Керменбаев Төреғали Төрәлінің дауы жайлы сөз қозғады. НТК арнасынан шығатын «Ревью» бағдарламасында ол әріптесінің әрекеті үшін концертінде кешірім сұрағанын айтты.

«Төреғалидің өзі білмейтін шығар. Жақында ғана мен де Қарағандыда концерт беріп қайттым. Сол кезде Мақпал Жүнісова апамыз ұқсап, мен де кешірім сұрадым. Сондықтан Төреғалидің ән кешіне сәттілік тілеймін», – деді Нұржан Керменбаев.

Еске салайық, Төреғали Төрәлі былтыр Қарағандыда өткен концертте ақсақалға тіл тигізгені үшін басы дауға қалған. Кейін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрағандай болды. Бірақ жұрт оны кештегі қылығы үшін әлі күнге сөгіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары