Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Эрарат» (Ресей, Санкт-Петербург) қазіргі заманғы өнер музейінің қабырғасында Молдақұл Нарымбетовтің «Аспан түстес және жасыл көк бояулар үстіндегі қара құйын»көрмесін ұйымдастырады.
Көрме «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасының аясында және суретшінің туғанына 70 жыл толуына арналып отыр. Көрмеде қылқалам шеберінің 1989-2009 жылдар аралығында дүниеге әкелген көркемсурет, инсталляция, мүсіндер және суретшінің бейнемұрағатынан алынған акциялар мен перфоманстардан тұратын жұмыстары экспозицияға қойылады.
Тоқсаныншы жылдардан бері басталатын Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін есімдері кейін түгел Орталық Азия үшін әйгілі бола бастаған суретшілер қалыптастырды. Олардың арасында Молдақұл Нарымбетов (1948-2012) болды. Ол өзінің суретші ретінде қалыптасуына ықпал еткен, перфоманс, инсталляция, акция секілді посткеңестік кеңістіктегі жаңа көркем түрлерді игеруге жол ашқан жеке ерекшелігімен, бунтарлық харизмасымен көзге түсті. Молдақұл Нарымбетов 1990 жылы Шымкент қаласында дүниеге келіп, кейін «Қызыл трактор» деген атқа ие болған «Трансавангард» суретшілер бірлестігінің көш бастайтын серкесі болды.
Қызыл тракторшылар батыс өнерінің авангардтық тәсіл-машықтарын дәстүрлі шығыс мәдениетімен үйлестіруге ұмтылды. Олардың көркем тұжырымдамасының негізінде Қазақстанның исламға дейінгі кезеңіне бас бұру жатады. Шешуші образ болып бар дәурені шындық пен гармонияны іздеуге сарп етілген көшпенді дәруіш табылады, немесе өзінің медитативтік іс-әрекеті арқылы реальды және ирреальды, өткен мен бүгінгіні, болашақтысауықтыруға, немесе біріктіре алуға қабілетті делқұлы бақсы жүреді.
Көрменің «Аспан түстес және жасыл көк бояулар үстіндегі қара құйын» деген атауы суретшінің бір туындысының атауы, бір таң қаларлығы осыны Молдақұл Нарымбетовтің бар шығармасына арқау етіп алуға болады.
Суретшінің тағдыры – уақыттың лүпілін ұғыну, алдағы оқиғаларды көріпкелділікпен болжау, күнделікті ағыннан тысқары болу. Молдақұлов үшін «қара құйын» болу –күнделікті күйбеңнен гөрі рухы жігерлі болу деген сөз, өткеннің, осы күннің және болашақтың «қара құйындары» туралы өз толғамдарын айта білу, қажет болса дабыл қағу.
Көрмеде суретшінің «Қызыл трактор» кезеңіндегі миф шығармашылығын айқындайтын, кейін «трансавангардтық шамандық» деген атауға ие болған әйгілі туындылары қойылады, бұлар басқа да көркем түрлермен бірге батыстық поставангардтық өнерінің өңірлік бейімделуі болып танылды.