28.03.2018, 03:55

«Пәк қыз күтіп жүрген шығар»: Нағима Есқалиева ұлы Диастың әлі үйленбей жүргеніне алаңдаулы

Халық артисі, әнші Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевтың «Virgin», яғни қазақшаға аударғанда «Пәк қыз» деп аталатын жаңа альбомын тыңдағанда таң қалғанын жасырмады деп жазады NUR.KZ.

«Құдай сақтасын! Пәк қыз дей ме? Ол ән ағылшын тілінде, сондықтан оны түсінбеймін. Бірақ әннің сөзін өзі жазған. Оның әлі күнге дейін үйленбей жүргеніне қарағанда, мүмкін пәк қыз күтіп жүрген шығар», - деп күлді танымал әнші.

«X-Factor» жобасының жаңа кезеңіне қызу дайындықта жүрген әнші ұлы Диастың ізін аңдып жүруіне уақыты бола бермейтінін де айтты. Яғни, әлі күнге дейін үйленбей жүруінің себебін білмеймін дейді ол.

Еске салайық, 2016 жылы Диас Абылаев Нью-Йорктегі гей-парадта суретке түсіп, онысын әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Тыңдармандары сын айтқаннан кейін ол өзінің гей-парадқа қатыспағанын, кездейсоқ суретке түсіп қалғанын айтып ақталды.