28.03.2018, 09:01

Өзіне ұқсайды: Төреғали Төреәлі көпке қарындасын көрсетіп мақтанды

Павлодардағы концерттен кейін басы дауға қалған Төреғали Төреәлі мұсылман парыздарының бірін орындап, қажы боп оралды. Келе салысымен әнші желіге туған қарындасы Фариза Төреәлімен түскен суретін бөлісіп, мақтанды деп жазады Sn.kz порталы.

Төреғали төреәлі сурет астына қарындасының аккаунтын алғаш көрсетті. Тыңдармандары да Фариза Төреәлінің парақшасына жазылып, жазбаларына назар сала бастады.

«Жылы лебіздеріңізге көп раxмет. Оқып қуанып қаламын. Алыс сапардан келген ағамды қуанту үшін тәтті жасағанды жақсы көремін. Дәмді шығу үшін анам үйреткендей, маxаббатпен, шын ниетпен әзірлеймін. Менің бұл ісімді Ағабай құптайды. «Қыз балаға ас үйлік жұмыстар жарасымды» дейді.

Өзін қатты жақсы көрем», – деп бастады сөзін Фариза Төреәлі.

Әншінің қарындасы сондай-ақ ағасының басындағы дауға қатысты да өзі ойын айтып қалды.

«Қандай іспен айналыссаңыз да, жақындарыңыздың қолдауы сондай маңызды, ауадай қажет. Мотивация беріп, «тортыңды сағынып кеттім» деген сөздердің өзі қандай. Жақындарыңызға қолдау беріңіздер, сүйікті істеріңізбен айналысыңыздар. Алла әрбір ісімізге береке берсін», – деді Төреәлінің кіші қызы.