$ 445.66  474.58  4.78

«Қайда?» деп сүйіктісіне іздеу салған Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен құшақтасып жүр

Былтыр «Қайда» деп сүйіктісін Қазақстанның әр аймағынан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті. Алайда ерке әншінің жанындағы жігіт ел танып қалған Әли Байжұмат емес, басқа азамат болып шықты.

Шын мәнінде Ерке тыңдармандарына жаңа бейнебаян дайындап жатқан болып шықты. Еркенің айтуынша, бұл туынды алдыңғы екі бейнебаяннан өзгерек болмақ.

«Бұл әннің іздеп жүрген «Қайда» немесе «КЗ жігіт» әніне ешқандай қатысы жоқ. Соның жалғасы деп ойламаса екен деймін. Мен сериал түсіріп жүрген жоқпын ғой, сондықтан да басқаша тақырып», – деді Ерке «Гәкку» арнасына берген сұхбатында.

«Шыны керек, қандай ән, бейнебаян туралы ештеңе айтқым келмейді. Себебі оны тосынсый жасағым келіп тұр», – деген Ерке ақырында оның қандай тосынсый екенін де айтып қойды.

«Өмірдің өзі ер адам мен әйел адамнан құралғандықтан, сол қыз бен жігіттің арасындағы махаббат. Бұл кішкене өзгеше. Көрермендерге де басқаша болып көрінуі мүмкін. Өзім үшін де ерекше, басқаша туынды болып тұр. Рөлді өзім сомдаймын. Өйткені бұл басқа бейнебаяндарға ұқсамайды. Сондықтан да осы жерде маған талап қойылды», – дейді Есмахан.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары