$ 494.87  520.65  4.91

Жазира Байырбекова: «Жеңіл жолмен танылу үшін қарындасын жамандаған»

Бұған дейін Жазира Байырбекованың туған ағасы Ербол Байырбеков қарындасының үйде мінезі мүлде басқаша екенін айтып, әрі кейде қатты кететін жерлері болады деп сөккен еді. Бауырының өкпесінен хабары болмай шыққан әнші өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Жазираны туған ағасы сазгер Ербол Байырбеков жамандады деп  Instagram-нан, сайттардан жазбалар жазып, жекеге «жеңіл жолмен танылу үшін қарындасын жамандаған» деген сияқты ағамды даттаған түрлі xаттар келіп жатыр. Анамның денсаулығы үшін, қазақ жастарының тәрбиесі үшін маған мұндай пияр керек емес.

Ағамның мен туралы айтқанын көрмедім, естімедім. Кеше кездескенде де ештеңе айтпады. Ылғи жаңа әнін «орындасаңдар» деп жіберіп тұрады. Осы жөнінде тағы да сұрақтарыңыз болса, Ерекеңнің өзіне қоюларыңызға болады», – деп бөлісті Байырбекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары