Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы ел көзіне көрсетпеген келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова танымал болғалы әлеуметтік желінің «гүліне» айналды. Күніне кем дегенді бір суретін жүктейтін актриса бүгінде жанкүйерлерімен тығыз байланыста. Желі қолданушыларына «қандай рөлді сомдасам болады?» деп сауал тастаған Әбдікәрімованы күйеуі қызғанды ма екен, «үйдің ханшайымы болып жүре берші» деп бір ауыз сөзбен орнына қойып тастады.
«Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әрбір рөлде өзімді елестетіп, отырсам... Қожайыным: «Томирис xаным, менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің супер келіні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды, басты рөлде ойнап жүре берші!» деп сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады», – деп жазады Әбдікәрімова өзінің желідегі парақшасына.