«Қуанышты бөліссең көбейеді» дегендей, күні кеше ғана Алтынай Жорабаева қоныс тойын тойлап, құрбыларын жаңа үйіне қонақ қылды. Ал көпшілік болса оның хан сарайындай шаңырағын сөз қылып, таңданыстарын жазуда.
Жүріс-тұрысын, ішкен-жегенің желіге жүктеуді әдет қылған әйелдер Жорабаеваның жаңа үйінен де түрлі суреттер мен видеолар жүктеді. Әншінің құрбылары арасында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова және ақын Құрманай Бақтиярқызы бар. «Әдемі қымызымды ұстап, мен әдемі сөзімді айтайын. Қолың дерт көрмесін, жаным. Шаңырағың шаттыққа тола берсін. Арманың бола берсің. 4 қызыңа бақ пен ырыс қона берсін», – деп тілек білдірді дастархан басында ақын Құрманай Бақтиярқызы. Әсіресе, әйелдер қауымы отырыстағы видеолардың астына түрлі пікір жазып, құтты болсын айтысты. Десе де көпшілік арасында «Алтынай, мақтаншақсың» деп әншіні сынап, сыбап алғандары да болды.