09.04.2018, 08:38

Осы көйлегімді 7 жыл кигенмін: Сәкен Майғазиев киім сынайтындарға арнап ескі суретін жариялады

«Киіміңе қарап қарсы алып, ақылыңа қарап шығарып салады» деген бүгінгінің қанатты сөзі бекер айтылмаса керек, жиын тойда да қарапайым орта да бір-бірінің киімін түгендейтіндер, сынап, сыбайтындар аз емес. Осы орайда әнші Сәкен Майғазиев адамшылықтан алыстап бара жатқан адамдарға ой салар өзінің ескі суретін әлеуметтік желіге жүктеді.

«Осы көйлегімді жеті-ақ жыл киіп ем. Қазір, былтырғы киіммен бір суретке түсіп қалсаң, «Осы киімін тастамайды екен, басқа киімі жоқ па» дейтін заманда өмір сүріп жатырмыз», – деді әнші өзінің instagram-парақшасында.