$ 491.7  531.28  5.07

Кімнен? Алтынай Жорабаеваның аяғы ауыр ма? (ВИДЕО)

Жақында ғана қоныс тойын тойлап, елді дүрліктірген Алтынай Жорабаеваға тыңдармандары сұрақ жаудырып жатыр. «Неге?» дейсіздер ме? Желіге жүктелген отырыстағы әншінің кең көйлегі жұрттың назарынан қашып құтыла алмады. Көпшілік Жорабаеваны «жүкті ме?» деп жорамалдап отыр.

Қоныс тойдағы видеоларда әнші расында кең көлек киген. Жорабаеваның бет-әлпеті де аздап толықсығандай.

«Аяғы ауыр-ау деймін. Ішін көрсетпегендегісі ғой шамасы», «Күйеуі жоқ қой. Кімнен жүкті болады?», – деген пікірлердің жиі қайталанғанын көруге болады Жорабаеваның Instagram-парақшасындағы жазбаларының астынан.

Алайда, әнші бұл сарындағы сұрақтардың бір де біреуіне ләм-мим деп жауап қатпады.

Еске сала кетейік, осыдан 5-6 ай бұрын ғана Алтынай Жорабаева Сәбит Әбдіқалықовпен ажырасқандарын ресми мәлімдеген еді. Тіпті, сонда әкелерінің қыздарын көрмегеніне 1 жылдан асқанын да айтқан. Қазір олардың ортақ некелерінен 4 қыз бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары