Жанар Дұғалова бұған дейін Тәуекел Мүсіліммен ақ көйлек киіп, журнал мұқабасына шыққан еді. Тіпті екеуі Түркияда бір жерден бір уақытта сурет салып, елдің күдігіне іліккен болатын. Алайда, актер жақында ғана берген сұхбатында сүйіктісінің басқа қыз екенін мәлімдеп, жұртты тағы да қызықтырып қойды.
Ал Дұғалова болса, Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде жап-жас жігітпен құшақтасып тұрған жерінен ұсталып қалды.
Әнші жанындағы жігітті белінен қапсыра құшақтап, камераға ауық-ауық «ұрлық» қылған адамдай жалтақтап қарайлайды. Жұрт олардан жақсы жұп шықпайтынын айтып жатыр. Себебі, көпшілік ер адамның қырғыздың танымал әншісі Мирбек Атабаев екенін айтып, «қызымызды өзге ұлтқа бергіміз келмейді» дейді.