$ 445.66  474.58  4.78

Ұлық болсаң – кішік бол: Димаш Құдайберген жанкүйерінің жерге түсіп қалған затын әперуге асықты (ВИДЕО)

Жақында ғана Димаш Құдайбергенге операция сәтті жасалғаны жайлы ақпарат тараған еді. Әнші аман-есен Қытайда концерт өткізіп, көптің көзайымына ие болды. Тіпті, кештен соң сахнада естелік суретке түсіп жатқан жанкүйерінің біріне жәрдемдескен солиске жұрт ерекше қошемет көрсетті.

Instagram-парақшасындағы топтарда тарап кеткен видеода Димаш Құдайбергеннің тыңдармандарымен суретке түсіп жатқан сәті анық көрінеді. Кенет жанкүйер қыздың қолындағы зат түсіп кетіп, әнші оны жерден көтеруге асығады.

Желі қолданушылары әншінің бұндай қарапайымдылығына қатты таң қалып, оның шығармашылығына табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары