Танымал әнші Димаш Құдайбергенге грек қызы хат жолдап, сыйлықтар жіберді. Бұл жайында әншінің әжесі Миуа Низамутдинова өз Instagram-парақшасында жазды.
Еуропада тұратын жанкүйер Димаштың үйінің мекен-жайын іздеп тауып, сыйлығын халықаралық пошта арқылы жіберген. Хатында ол сүйікті әншісімен жүзбе-жүз танысқысы келетінін жазыпты. Сондай-ақ, Димаштың жанды дауысын естуді армандайды екен.
Бірақ әншінің өқзі болса сонау Грек елінен келген хат пен сыйлықтарды әзірге көрмеген. Өйткені ол қазір Қытайда гастрольдік сапарда жүр. Ал Миуа әжей болса Димаштың жанкүйеріне алғыс білдіріп, сыйлықтарын міндетті түрде немересіне тапсыратынын айтты.